МТРА жаңалықтары

Екі көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды

Қызылжар ауданында жол-көлік оқиғасы болып, екі адам ауруханаға түсті. Тапа тал түсте Байсал ауылының тұсында «Volkswagen» көлігін басқарған ер адам келе жатқан машинаны басып озбақшы болған.
Салдарынан қарсы бағыттан қосымша жолға бұрылайын деп жатқан «Mitsubishi Montero Sport» автомобиліне барып соғылады. «Volkswagen Passat»-тың жүргізушісі мен жолаушысы облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша материал жиналды. Жалпы, жыл басынан бері өңірде 184 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 24 адам қаза тауып, 250-ден астамы жарақат алды.


Самал Жунусова