МТРА жаңалықтары

Биыл 56 солтүстікқазақстандық мәжбүрлі емдеуге жіберілген

Өңірдегі әрбір үшінші құқықбұзушылық ащы судың кесірінен жасалады. Жаға ұстатарлық тағы бір дерекпен бөлісейік. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл облыста ішімдікке тәуелді жанұя мүшелерінен тауқымет көріп, полицейлерге жүгінген отбасылардың саны 33%-ға артыпты.
Жақында 1 адам арнайы емдеу мекемесіне жіберілді. 44 жастағы қала тұрғыны жазасын өтеп, бостандыққа шыққаннан кейін алкогольдің арбауына түседі. Жақындарының әбден тынышын қашырады. Сөйтіп жүріп бірнеше құқықбұзушылыққа да жол береді. Учаскелік полиция инспекторлары тәртіпсіз тұрғынды мәжбүрлі түрде емдеу үшін наркологиялық мекемеге жібереді. Емдеу мерзімі – 6 ай.

ЛЮФТ:
– В село Благовещенка Жамбылского района Северо-Казахстанской области сроком на шесть месяцев

АЙДЫН АҚМАҒАМБЕТОВ, СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары
–  Сот шешімі бойынша Благовещенка ауылындағы наркологиялық мекемеге 7 солтүстікқазақстандық мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді. Арнайы мекемеге ішімдікке тәуелді жандар туыстарының өтініші бойынша жеткізілген. Бұл адамдарға 6 айдан 1 жылға дейін емдеу қарастырылған.

Жалпы, жыл басынан бері полиция қызметкерлері 56 солтүстікқазақстандықты мәжбүрлі емдеуге жіберген.


Алдияр Айтпаев