МТРА жаңалықтары

Жанға жылу сыйлаған “ASAR JOLY” қайырымдылық туры

“ASAR JOLY” қайырымдылық туры қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде өтуде. Петропавл да қатардан қалыс қалмады. Бір-екі күн бұрын делегация өкілдері қаламызға келді. Жақсылық жасауға жаны құмар жандар арасында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова мен “Асар-ume” қоғамдық қорының президенті Асхат Нұрмашев бар.

Азаматтардың басты мақсаты – тұрғын үйге мұқтаж адамдарды баспанамен қамтамасыз ету. Қоғамдық қордың арқасында бірнеше жыл ішінде 80-нен астам қазақстандық отбасы қоныс тойын тойлаған. Бүгін Петропавлда өткен “Асар-ume” форумы барысында да үй сатып алу үшін мұқтаж жандарға ақшалай сертификаттар табыс етілді. Көмек кімдерге көрсетілді? Бұл жайлы толығырақ алдағы дүйсенбі күнгі жаңалықтардан біле аласыздар.


Алдияр Айтпаев