МТРА жаңалықтары

СҚО-да «HERMES LTD» қаржы пирамидасы анықталды

 

3 бірдей солтүстікқазақстандық қулардың құрығына түсіп, сан соғып қалды. Өңірде кезекті қаржы пирамидасы анықталды.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары «HERMES LTD» қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру фактісін тіркеді. Анықталғандай, 2019 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде «HERMES LTD» жобалары бойынша халықтың ақшалай қаражатын тарта отырып, инвестициялық салымдар бойынша кейбір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы қаржылық пирамида ұйымдастырылған. Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде 3 адам танылды. Олар жалпы сомасы 4 млн теңгеге жуық шығынға ұшыраған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Дана Ешкенова