МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызметтегі сапа

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің мамандары биыл 6 тексеріс жүргізіп, 150-ден астам заңға қайшы әрекет тіркеген.
Бұл – жоспарлы тексеріс нәтижесі. Тұрғындардың арыз-шағымы бойынша жүргізілген бақылау шаралары да баршылық. Нәтижесінде 6 әрекет ету актісі толтырылған. Олқылық сипаты әр түрлі: конкурстың дұрыс өткізілмеуі, тәртіптік шараның дұрыс қолданылмауы.

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің   Профилактикалық және өтініш-арыздарды қарастыру барысында 27 азаматтың құқығы қорғалды. Департаменттегі мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасына бірінші жартыжылдықта 60-қа жуық өтініш келіп түсті. 50-ге жуығы жеке тұлғалардан, бесеуі заңды тұлғалардан, қалғаны мемлекеттік қызметшілерден жолданған. Өтініш арыздар «e-Otinish» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы түседі.

Азаматтардың дені мемлекеттік қызметке орналасу немесе жұмыстан босатылу, сыйақы мен еңбек өтілін тағайындауға қатысты шағымданған. Департамент мамандары қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланылмауын да қадағалайды. Мемлекеттік орган басшылары бұл жөнінен хабардар. Елена Степаненконың айтуынша өңірде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы артқан. Бұл жөнінен өңір ел бойынша 3-ші орында. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты кемшін тұстар жоқ емес, бар. Биыл бұл бағытта 550-ден астам олқылық анықталды. Жалпы, бірінші жартыжылдықта облыста шамамен 3,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 98,8%-ы электронды форматта ұсынылған.

 


Данаш Хамзина