МТРА жаңалықтары

Қазақстанда цифрлық теңге айналымға енгізілмек

Қазақстанда жыл соңына дейін цифрлық теңге айналымға енгізілмек.

Биыл шілде айының басында ҚР Ұлттық банкі мен Төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы «Цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделі» атты зерттеуін жария етті. Аталған зерттеу негізінде елімізде жылдың соңына дейін цифрлық валюта енгізілмек. Цифрлық теңгенің енгізілуі төлем және қаржы қызметтеріне деген қолжетімділікті арттырады. Ұлттық банк мамандарының айтуынша, цифрлық теңге ұлттық төлем инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі бола алады. Себебі, ол программалау мүмкіндіктері мен офлайн төлемдердің жаңа функциясын қамтамасыз етуде тиімді құрал болып саналады.


Дана Ешкенова