МТРА жаңалықтары

Қазақстанда тағы 2 жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстандық мерекелер қатары толыға түседі. Ұлттық экономика министрлігі “Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы” үкімет қаулысына өзгерістер әзірледі.

Қос мерекенің біреуі кәсіпкерлердікі. Іскер жандар алдағы қыркүйектің 9-ында өздерінің төл мейрамдарын тойлап қалуы мүмкін. Ал желтоқсанның 19-ы жарнама саласы мамандарының күні болып белгіленбек. Жаңа кәсіби мерекені «Жарнама туралы» заңының қабылданған күніне келтіру ұсынылып отыр. Бүгінде елде шамамен 2 мыңға жуық жарнама ұйымы бар екен. Онда 100 мыңнан астам маман еңбек етеді. Министрлік ұсынған жоба тамыздың 8-іне дейін қоғамдық талқылауда болады.


Дана Ешкенова