МТРА жаңалықтары

Ішімдікке салынғандарды мәжбүрлі емдеу

Ауру қалса да әдет қалмайды. Петропавлда жыл басынан бері ішімдікке салынған 49 адам мәжбүрлі емдеуге жіберілді.

Полиция қызметкерлері жуырда 57 жастағы қала тұрғынына осындай шара қолдануды шешкен. Ер адам ішіп алса болды отбасына тиыштық бермейді екен. Әйелінің өтініш жазуымен араққұмар күйеуіне тиісті медициналық тексеріс тағайындалады. Бірақ, манағы ер адам түрлі сылтау айтып жалтарып, аудандардың бірінде жасырынған. Ақыры мамандар оны қуып жүріп ұстап, мәжбүрлі түрде емдеу үшін наркологиялық мекемеге жатқызады.


Данаш Хамзина