МТРА жаңалықтары

Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту

Биыл еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін арттыруға 173 млрд теңгеден астам инвестиция құйылмақ.  Қомақты қаржыға бірінші кезекте тегеурінді техника сатып алу жоспарлануда. Нәтижесінде машина-техника паркі 15 пайызға жаңарады.
Бейінді министрліктің ақпараты бойынша елде осы бағытта оң динамика байқалады. Мәселен, тиісті техника қоры 2017 жылы 2,7%-ға өзгерсе, өткен жылы 4,3%-ға жаңарған. Биылдың өзінде ел аграрилері 147 мың трактор, 38 мың комбайн, 4,7 мың егіс кешені және 77 мың тұқым сепкіш сатып алған. Сондай-ақ, тамшылатып және жаңбырлатып суаруды қолдана отырып жер көлемін 265 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Оған қоса биыл сапасы жоғары тұқым көлемі 18%-ға артады. Қомақты қаржы мал шаруашылығын субсидиялауға да бағытталады.


Дана Ешкенова