МТРА жаңалықтары

Петропавлға “Asar joly” қайырымдылық турының өкілдері келді

 

Жаны жайсаң жандар! Петропавлға “Asar joly” қайырымдылық турының өкілдері келді. Аққайыңдар өлкесіне дейін жақсылық жасауға жаны құмар азаматтар 4 қалаға ат басын бұрған. Бір күн бұрын делегация киелі Көкше жерінде болып, 32,5 млн теңге қаражат жинаған.
Қомақты қаражат екі отбасыға үй алып беруге бағытталыпты. Ендігі кезекте солтүстік өңірдің көмекке мұқтаж тұрғындары тұр. Азаматтар барлық облыс тұрғындарын “Asar Ume” қайырымдылық қорының форумына шақырады. Іс-шара бейсенбі күні сағат 18:00-де “Green Park” отелінің аумағында өтпек.


Алдияр Айтпаев