Тиімді ынтымақтастық. Бес айдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен жасасқан өзара саудасы 217 млн доллардан асты.
Қаржының басым бөлігі импорттың үлесінде. Қаңтар-мамыр аралығында өңірімізге 187,8 млн доллардың тауары әкелініпті, ал экспорт 29,3 млн долларды құраған. Негізгі серіктестік – Ресей. Көршілерімізбен арадағы сауда айналымы 97,4%-ды құрады. Қалғаны Беларусь Республикасы мен Қырғызстанға тиесілі.
Дана Ешкенова