COVID-19: Қазақстан

Өткен тәулікте коронавирус 8 солтүстікқазақстандықтан анықталды

Өткен аптада әлемде коронавирустық инфекция жұқтырудың жаңа жағдайларының саны 7 млн-нан асты. Жеті күнде әлемде COVID-19 салдарынан 14 мың адам қайтыс болды. Өлім-жітім бойынша бірінші орында АҚШ тұр, онда өткен аптада 2 мыңға жуық өлім тіркелді.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын Қазақстанда 2054 адам жұқтырып алды. ПТР-тестінің нәтижесі расталғандардың басым бөлігі – нұр-сұлтандықтар. Елордада 800-ден астам адам сырқаттанып қалған. Алматыда бұдан сәл азырақ – 532 жағдай. Бас қала шілденің 21-інен бері “сары” аймақта, қалған өңірлер “жасыл” зонада. Солтүстік Қазақстан облысына келетін болсақ, өткен тәулікте өңірде коронавирус 8 адамнан табылды. Жалпы, қазіргі уақытта ел бойынша 18 мыңнан астам адам қауіпті вирусқа қарсы ем қабылдап жатыр.


Гульден Симбаева