МТРА жаңалықтары

Аудан тұрғыны 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Айыртау ауданының тұрғыны үйінде заңсыз қару сақтап келген. Полиция қызметкерлері одан иір ойықты қару тәркілеп алды.

Іс сотқа жолданды. 53 жастағы ер адамның өрескел әрекеті «Жол-көлік оқиғасына жол жоқ» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. “Волга” автомобилін тексеріп жатқан кезде артқы орындықтан шағын калибрлі мылтық пен оның патрондары табылады. Тіпті, бір оқ мылтық ішінде болған. Ауыл тұрғыны қаруды бірнеше күн бұрын тауып алдым деген. Бірауызды сараптама барысында 5,6 мм-лік калибрлі «ТОЗ-8» мылтығы екені анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бап бойынша 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін немесе 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Данаш Хамзина