Спорт

Алексей Луценко “Тур де Франс” көпкүндігінің үздік ондығында

Кеше “Тур де Франс” көпкүндік велобәйгесінің соңғы кезеңі өтті. Ақтық сында жеңіс тұғырына Бельгия, Голландия мен Норвегия елдерінің мықтылары көтерілді. Ал қазақстандық Алексей Луценко болса бұл жарыста 17-ші болып мәре сызығын кесті. Нәтижесінде солтүстікқазақстандық жарыстың жалпы қорытындысы бойынша үздік ондыққа ілікті.

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО, велошабандоз
– Жарысқа деген дайындық мінсіз болды деп айта алмаймын. Сәтсіздіктер орын алып жатты. Бірақ, соған қарамастан біз командамызбен жоғары деңгейде өнер көрсеттік. Сайыстың 3-ші аптасында 9-шы орынға іліктік. Әрине, бұл додада бұдан да жақсы нәтиже көрсеткім келген. Бірақ, бәрі мен ойлағандай болмады. Маусым жалғасуда. Енді алға қарай ұмтылып, жаңа белестерді бағындыруға бар күшімді саламын.


Алдияр Айтпаев