Спорт

“Ақбидай-2022” спорттық ойындары мәресіне жетті.

Дәстүрлі «Ақбидай-2022» жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті. Өңір спортшылары 5 күн бойы спорттың 14 түрінен бақ сынасты. Дүбірлі додаға облыстың барлық ауданынан мыңға жуық адам қатысты.

Спартакиада екі кезеңмен өтті. Сайыстың алғашқы күні спортшылар футбол, баскетбол, шахмат, волейбол, бокс пен мылтық атудан сынға түссе, келесі күні ауыр атлетика, еркін күрес, гір көтеру, үстел теннисінен бақ пен бап таластырды. Бескүндік доданың нәтижесінде Қызылжар ауданының құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орын Ақжар ауданына бұйырып, үздік үштікті Тимирязев ауданының командасы тұйықтады.


Гульден Симбаева