COVID-19: Қазақстан

Елдегі эпидемиологиялық ахуал

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары маусым айының ортасынан бері қарай көбейген. Соңғы аптаның өзінде сырқаттанушылық деңгейі 3,2 есеге өсіпті. Бұл туралы «ҚР-дағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай» тақырыбы турасында өткен брифингіде айтылды.

РОЗА ҚОЖАПОВА, ҚР ДСМ инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:
– Соңғы тәулікте 2480 КВИ плюс және 13 КВИ минус жағдайы тіркелді. Оның 80 пайызы соңғы вакцинация немесе ревакцинациядан 6 айдан көп уақыт өткендер арасында. Нұр-Сұлтан қаласы 21 шілдеден бастап сары аймақта. Қалғаны, әзірге, жасыл аймақта.

Дерттен қорғайтын негізгі амал – вакцина алу. Елімізде COVID-19-ға қарсы вакцина егу науқаны әлі жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда вакцинаның 3 түрі бар. Олар: QazVac, Sinopharm және Pfizer. Егу пунктерінде вакцинаның 1,6 млн дозасы бар. Тәулігіне 10 мыңнан астам адам келіп екпе алады. ДСМ инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына тоқталып өтті.

РОЗА ҚОЖАПОВА, ҚР ДСМ инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:
– Матрицаға сәйкес аумақ жасыл аймаққа келесі көрсеткіштерге жеткенде ауысады: R-ға қарамастан 10 мың тұрғынға шаққанда 12,5-ке дейін бос емес төсек-орын көрсеткішке жеткенде немесе 10 мың тұрғынға шаққанда 12,5-тен 25-ке дейін бос емес төсектер көрсеткіші болғанда. Бұл кезде R 1-ден төмен болуы керек. Сары амақта R-ға қарамастан 10 мың тұрғындарға шаққанда 12,5-ке дейін бос емес төсектер көрсеткіші немесе 10 мың тұрғынға шаққанда 12,5-тен 25-ке дейін бос емес төсек-орын көрсеткіші болғанда.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша, қазір 19 бен 29 жас аралығындағы адамдар жиі ауырады. Бұған себеп – жастардың көпшілік жиналатын жерлерге, яғни, дәмханаларға, сауда үйлеріне және кинотеатрларға жиі баруы. Ел бойынша жансақтау бөлімдерінде 30 адам жатыр. Қазіргі уақытта жағдай елордада жағдай күрделене түскен.

РОЗА ӨТЕГЕНОВА, көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы, Нұр-Сұлтан қаласы:
– Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазіргі таңда 52 бала стационарлық ем алып жатыр. Модульный центрда – 14 бала. Дені – кішкентай балалар. Жас мөлшері 5 жасқа дейінгі балалар. Арасында 12-16 жасқа дейінгілер бар. Сонымен қатар, бүгінгі таңда балалардың арасында ковид инфекциясында респираторлы ғана емес, құсу, іш өту клиникасымен өтіп жатқан, нерв жүйесінің зақымдануымен өтіп жатқандар да бар.

Мамандардың айтуынша, аумақ “сары” аймаққа кіргенде бетперде тағуға кеңес беріледі, бірақ оны тағу міндет емес. Ал “қызыл” аймаққа енгенде Ashyq жүйесі қайта іске қосылуы мүмкін. Шарттары да өзгеруі ықтимал.


Самал Жунусова