Аққайың ауданында “Егістік күні” шарасы өтті

МТРА жаңалықтары

18:39 22 Шілде 2022

 

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші
– “Ауыл шаруашылығындағы жетістіктерді көрсету, саладағы проблемаларды талдау мен заманауи техникалар мен жабдықтарды таныстыру. Биыл Егістік күні Аққайың ауданындағы Шағалалы ауылында өтіп жатыр. 200-ге тарта агроқұрылым басшыларының басын қосқан бұл шара алдағы күзгі дала жұмыстарына серпін бермек. Мұндағы бағдарлама да қызықты әрі аграрийлер үшін пайдалы болмақ”.

Шараға өңір аграрийлерімен қатар Ақмола мен Қостанай облыстарының кәсіпкерлері де қатысуда. Шараны қалталы азаматтар егістік жерлерді аралаудан бастады. Диқандармен бірге облыс әкімінің міндетін атқарушы Марат Тасмағанбетов та алқапқа аттанды. Бұл – Солтүстік Қазақстан тәжірибе станциясына тиесілі жер. Аты айтып тұрғандай мұнда тұқым мен тынайтқышқа түрлі зерттеулер жүргізіледі, өнімділік көрсеткіші болжанады. Шаруаға Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері мен магистранттары және докторанттары жұмылдырылған екен.

ТИМУР САВИН, ҚАТУ ғылым департаментінің директоры
–  “Көбінесе біз дәстүрлі селекцияны қолданамыз. Яғни, зерттеу жүргізуге 10-15 жыл кеткен және финотип негізіндегі тұқымдарды. Бұл бағдарламада түрлі бағыттарды қолдандық. Атап айтсақ, физиология, генетика, өсімдіктер химиясы мен технология. Бұл – ғылымды байланыстыруға жасалған алғашқы қадам”.

Оқу орнына зерттеу жүргізу үшін мемлекет 16 мың гектар жер ұсыныпты. Жыл сайын оның 3 мыңы жыртылса, қалғанына дән сіңіріледі. Айта кетейік, бұл тәжірибе станциясының жұмыс істеп жатқанына 5 жылдың көлемі болыпты. Алқаптағы экскурсия барысында аграрийлерге қай тұқымның қашан егіліп, қашан жинап алуға болатындығы айтылды. Сондай-ақ, серіктестік басшыларына өнім көрсеткішін жақсарту бойынша да кесте жүзінде ұсыныстар берілді.

ОЛЕГ СОЛОВЬЕВ, Солтүстік Қазақстан тәжірибе станциясының бөлім меңгерушісі
– “Біздің мақсатымыз – ылғалдың аздығына қарамастан тұрақты өнім алу және түрлі өсімдік аурулары мен жәндіктерден қорғану. Біріншіден, дұрыс тұқым таңдай білу қажет. Содан кейін ылғалдың жинақталуы мен оны тұтынуды бақылау керек. Қажеттілікке және есепке сәйкес минералдық тыңайтқыш дозасын да оңтайлы енгізуге кеңес беремін. Ал түрлі зиянкестер мен аурулардан сақтану үшін кешенді қорғау спектрін қалыптастырған дұрыс”.

Алқаптарды аралап, тыңнан тәжірибе жинақтағаннан кейін аграрийлер Шағалы шетіндегі көрмеге ат басын бұрды. Мында кәсіпкерлер заманауи тенхникалар мен жабдықтардың қауқарын бағамдады. Бүгін олар үшін американдық өндірушілер өндірген автопилоттық жүйе құрылғысы да ұсынылды.

АЛЕКСАНДР БРАТКО, «Navistar Asia» ЖШС сату жөніндегі аға менеджері
– “Құрылғы толықтай автоматтандырылған. Өнімділік көрсеткіші артып, түрлі келеңсіз жағдайлар болмайды. Бұл жабдықпен күннің қай жартысында болсын және ауа райының қолайсыздығына қарамастан жұмыс істей беруге болады. Бүгінде бұндай жүйе 450 солтүстікқазақстандық жұмысшының жұмысын жеңілдетіп отыр. Айта кетейік, құрылғыны біздің аграрийлердің иелігіндегі көліктердің 90%-ына орнатуға болады”.

Жабдықтар жаңарып, түрлі зерттеулер жүргізіліп жатқаннан кейін ауылшарушылығы саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Бұны шара барысында облыс әкімінің міндетін атқарушы Марат Тасмағанбетов те тілге тиек етті.

Марат Тасмағанбетов, облыс әкімінің міндетін атқарушы
– Биыл біз көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы уақыт аралығында өткіздік. Бүгінгі күні шыққан егін көңіл көншітерліктей. Бұл – сіздердің еңбектеріңіздің арқасы. Іс-шара барысында біз жаңа технологиялар мен жақсы тұқымдарды, сондай-ақ, минералды тыңайтқыштарды қолданбай толыққанды өнім ала алмайтындығымызға көзіміз жетті.

Аз-кем статистика, биылда аграрийлер жылдағыдай 4 млн гектардан астам жерге дән сіңірді. Оның 55%-ы майлы дақылдар, жемшөп пен көкөністерге арналған. Қалған 45%-ына дәнді дақылдар егіліпті.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Қоқыспен күрес
“AMANAT” партиясының қоғамдық кеңес отырысы өтті
Қазақстан халқының саны 19 миллионнан асты
Муслим Магомаевтың құрметіне арналған сапар
Ауылдардағы жол жөндеу жұмыстарының сапасына міндетті сараптама енгізіледі
Құтқарушылар балаларға суда жүзуді үйретті
Қазақстанда бензиннің шекті бағасы бекітілді
Велосипедшілердің жолда жүру ережесін сақтауы көңіл көншітпейді
Аққайың ауданында “Оқжетпес” лагері жұмысын бастады”
Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту
Жер кадастры бойынша қызмет алу жеңілдей түсті
Сот шешімі шықты