Мүгедектігі бар жандарға арналып жазғы лагерь ұйымдастырылды

МТРА жаңалықтары

20:09 21 Шілде 2022

«Маған теңдей қара”. “АРДОС-Жүрек” мүгедектігі бар жандар бірлестігі қала және облыс мектептерінде инклюзивті білім беру қағидаларын ілгерілетуде. Ұйым өкілдері тірек-қимыл аппараты бұзылған адамға көмек көрсету, қарым-қатынас этикасын, ең бастысы, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін білім беру процесін дұрыс ұйымдастыруды үйретуде. Бүгін ұйым мамандары облыс орталығында “Жалпыға ортақ инклюзивті білім беру” жобасы аясында көшпелі жазғы лагерь ұйымдастырды.

Ақжан Кәрім, “АРДОС-Жүрек” жобасының жетекшісі
– Жоба бүкіл Қазақстан бойынша жүзеге асырылуда. Өкінішке қарай, көптеген педагог, психологтардың бұдан хабары жоқ. Кейбірі тіпті инклюзивті білім беру туралы қате түсінікте. Жиын барысында біз бұл балаларды қалай оқыту керектігін айтып, практикалық ұсыныстар жасадық. Жалпы, бұл басқосу мамандар үшін пайдалы болады деп ойлаймыз және болашақта мында түйіп-білгенін практикада қолданады деген сенімдеміз.

Бүгінгі жиынға мүгедектігі бар жандармен қатар ерекше қажеттілікті қажет етпейтін жастар да қатысуда. Бұнымен ұйымдастырушылар қос тарапты жақындастырып, өзара қарым-қатынас орнатуды үйреткілері келген екен. Бұны ұл-қыздарға “Арман” балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығының психологы Евгения Данилова түсіндіруде. Нәзікжандының бұл салада 10 жылдан астам тәжірибесі бар.

ЕВГЕНИЯ ДАНИЛОВА, “Арман” балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығының психологы
– Бұл кездесу арқылы біз толеранттылықты дамытып, бәріміз бірге тең дәрежеде бола алатындығымызды айтқымыз келеді. Тимбилдинг – бұл білім беру тобы. Яғни, біз ұжымды біріктіруді дамытумен айналысамыз. Ал инклюзия – мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға белсенді түрде ендіру деген түсінік. Яғни, инклюзивті ортадағы тимбилдинг бұл бәріміз бір командада тең жұмыс істей алатындығымызды көрсетеді.

Шараға қатысушылардың бірі – Елена Чернышева. Биыл бұрымды “Психология” мамандығы бойынша Қозыбаев университетінің екінші курсын бітіріпті. Білім ордасы қабырғасында нәзікжанды жаңа ортадан дос тапқан.

ЕЛЕНА ЧЕРНЫШЕВА, шараға қатысушы
– Бірінші қабаттарда ғана оқитыным болмаса, басқа студенттерден еш айырмашылығым жоқ. Барлығы сияқты күнделікті сабағыма барамын. Тек сабағым жоғары қабаттарда болғанда ғана қашықтықтан оқимын. Қоғамда біз барлығымыз бірдейміз. Бұны бүкіл әлем білуі тиіс. Батыста бұл тұрғыда даму байқалады. Біз де оны қолға алуымыз қажет.

“Жалпыға ортақ инклюзивті білім беру” жобасы “Qolda 4.0” шұғыл көмек бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Айта кету қажет, мұндай кездесуді “АРДОС-Жүрек” бірлестігі тұрақты түрде өткізіп отырады.


Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Есірткі жасап келген 20 жастағы қала тұрғыны ұсталды
Президент: жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударатын кез келді
Велосипедшілердің жолда жүру ережесін сақтауы көңіл көншітпейді
МТРК жаңалықтары 27.07.2022
МТРК жаңалықтары 04.08.2022
СҚО-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленді
Азық-түлік бағасын бақылау
Петропавлға “Asar joly” қайырымдылық турының өкілдері келді
ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық
Қазақстанда цифрлық теңге айналымға енгізілмек
«Севказэнергосбыт» тұтынушыларға қарызын қайтарды
«AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті