Жаһандық жарыста топ жарған ағайындылар

Спорт

20:45 20 Шілде 2022

Жаһандық жарыста топ жарған ағайындылар. Шілденің 3-ші жұлдызында Мальта аралында кудодан Еуропа біріншілігі өтті. Дүбірлі додада ел намысын солтүстікқазақстандық Шальковскийлер абыроймен қорғады. Қос спортшы байрақты бәсекеде алтыннан алқа тағынды.

Константин бұл жарыста 3 кездесу өткізген. Бәрінде де айқын басымдықпен жеңіске жетіпті. Ақтық кезеңде, тіпті, грузиялық қарсыласын сұлатып салыпты. Сол үшін де спортшыға алтын медальмен қатар үздік техникасы үшін кубок берілген.

КОНСТАНТИН ШАЛЬКОВСКИЙ, кудодан Еуропа біріншілігінің жеңімпазы
– Еуропа біріншілігіне қатысқан спортшылардың бәрі мықты. Мен үшін финалдық кездесу психологиялық тұрғыда қиынға соқты. Себебі, мойнымда бүтіндей бір елдің абыройы тұрғанын сезіндім. Сол себепті, жеңбеске болмады. Бұнымен тоқтап қалмаймын. Әрі қарай да биік шындарды бағындыра беремін.

Михаил болса жаһандық жарыста абсолютті спортшылармен күш сынасты. Яғни, ауыр салмақтағы кудошылармен. Бірінші кездесуінде жерлесіміз франциялық қарсыласын тізе бүктірсе, соңғы екі кездесуде Біріккен Араб Әмірліктерінен келген спортшыларды жеңіпті.

МИХАИЛ ШАЛЬКОВСКИЙ, кудодан Еуропа біріншілігінің жеңімпазы
– Европа чемпионатына 1 ай көлемінде дайындалдық. Өзім үшін жарыс алдындағы жаттығулар қиын болды. Себебі, күніне 2 рет жаттығу залына келіп, тер төктік. Бірақ, сарпылған күш пен төгілген тердің ақталғаны қуантады. Чемпионаттан мол эмоция алып қайттым. Өз нәтижем көңілімнен шығады.

Мальта аралында өткен Еуропа біріншілігіне 10 мемлекеттен 200-ге тарта спортшы қатысыпты.

ТИМУР БУКИН, кудодан облыс құрамасының бас жаттықтырушысы
– Бұл жарысқа 12 мен 20 жас аралығындағы спортшылар қатысты. Шәкірттерімнің нәтижесіне ризамын. Бәрі біз ойлағандай болды. Бұл жарыс олар үшін әлем біріншілігі алдында жақсы бір серпіліс болды.

Әзірге, саңлақтар облыстық, республикалық жарыстарда бақ сынайды. Ал 2023-те олар әлем біріншілігіне қатысады.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

“Ақбидай-2022” спорттық ойындары мәресіне жетті.
Тарихи матчты жіберіп алмайық!
Құқық қорғау қызметкерлерінің арасында сайыс өтті
Теріскейліктер Қазақстан қоржынына алтын медаль салды
Париждегі Олимпиадаға дайындық
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті
“Qyzyljar” ФК тағы да жеңілді
Қоян-қолтық ұрыстан облыс чемпионаты өтті
“Qyzyljar” ФК Конференция лигасындағы жорығын аяқтады
Петропавлдық “Qyzyljar” хорватиялық “Осиек” клубына есе жіберді
Ұлытаулық жиһангер Петропавлға таяп қалды
«Qulager» ХК жаңа маусымға дайындалуда