МТРА жаңалықтары

Судағы қауіпсіздік – өткір тұрған мәселе

Судағы қауіпсіздік – қазір өңірде өткір тұрған мәселелердің бірі. Күн ысып, су жағасында сая іздеушілердің саны артты. Осы орайда ТЖД қызметкерлері түрлі профилактикалық шараларға екпін беріп жатыр.

Күн сайын телефонға 112 қызметінен белгіленбеген жерде суға түспеңіз, су жағасында баланы қараусыз қалдырмаңыз деген ескерту хабарламалар келіп тұрады. Өткен жылы облыста 22 адам суда қаза тапты. Оның алтауы – бала. Биыл шомылу маусымы басталғалы 3 адам суға батып кеткен. Оның біреуі – бала. Мамандардың айтуынша судағы келеңсіз жағдайлар салғырттық салдарынан болады. Жыл басынан бері суға батып жатқан жерінен 20 адам құтқарылыпты. Оның екеуі – бала.

Гульден Симбаева