МТРА жаңалықтары

«Севказэнергосбыт» тұтынушыларға қарызын қайтарды

«Севказэнергосбыт» тұтынушыларға қарызын қайтарды.

Өткен жылы Табиғи монополияларды реттеу департаментіне солтүстікқазақстандықтардан «Севказэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты коммуналдық төлемдерді есептеу тәртібінің заңға сай еместігі жөнінде бір емес бірнеше рет шағым түскен болатын. Департамент өз тарапынан тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында облыстың Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз түсірді. Арызда тарифтік ведомство жылу энергиясы ысырабының есебін жарамсыз деп тануды, есептеулер жүргізуді тоқтатуды және 2020-2021 жылдар аралығына қайта есептеу жүргізу қажеттігі туралы жазылған.

Дамир Тоқтамысов, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:
– Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешіміне сәйкес «Севказэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметі негізсіз деп танылды және 2020-2021 жылдарға кері қайтару туралы шешім қабылданды. Қазіргі күні аталған серіктестік петропавлдықтарға қайта есептеу жүргізді. Қайта есептеудің сомасы маусым айындағы түбіртекте көрсетілген.

Осылайша тұтынушы мен коммуналдық компания арасында көптен бері жалғасып келе жатқан мәселеге нүкте қойылды. Сонымен, 800 мыңнан астам тұтынушыға жылу ысырабы үшін 22,5 млн теңге көлемінде қайта ессептеу жүргізіліпті.

Дана Ешкенова