Konstitutsia banner mobile

МТРА жаңалықтары

Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алдаған

 

Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарынан 16 адам жүргізуші куәлігін емтихансыз
істетіп береміз деген алаяқтардың арбауына түсті.
Жүргізуші куәлігін сатып алу әрекеті заңсыз екенін біле тұра адамдар осындай қадамға барады. Полицияға жүгінгендердің бірі – Тайынша ауданының тұрғыны. Ол айлакерлердің арбауына түсіп, уәде етілген құжатын ала алмаған. Қулар алдымен әр адамнан 10 мың теңге көлемінде ақша талап ететін көрінеді. Аңғал адамды әуелі автокөлік сатамын деп тартады екен. Оған хабарласқан кезде осындай қызмет көрсетемін деп арбаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аудандық полиция қызметкерлері Көкшетау қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында отыр. ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 3-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Гульден Симбаева