МТРА жаңалықтары

Велосипедшілердің жолда жүру ережесін сақтауы көңіл көншітпейді

Велосипедшілердің жолда жүру ережесін сақтауы көңіл көншітпейді. Қосдөңгелекті көліктердің қатысуымен болатын жол апаттарының артуына алаңдаушылық білдірген тәртіп сақшылары осылай деп отыр.

Оған соңғы күндері болған жайттар дәлел. 55 жастағы қала тұрғыны велосипедпен келе жатып «Audi» көлігінің астына түсіп кеткен. Оқиға Потанин мен Смирнов көшелерінің қиылысында болды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Келесі велосипедші жаяу жүргіншілер жолы болып саналатын Қазақстан Конституциясы көшесінде әйелді соғып кеткен. Нәзікжандыға медициналық көмек көрсетілді. Полиция қызметкерлері шілденің 19-ызынан бастап жол қауіпсіздігіне арналған шара өткізіп жатыр. Оның барысында түсіндіру жұмыстары мен рейдтер өткізіледі.


Данаш Хамзина