COVID-19: Қазақстан

Өткен тәулікте 1450 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Коронавирусқа қатысты елдегі жағдайға тоқталып өтейік.

Тәж вирусын өткен тәулікте 1450 адам жұқтырды. Індетке шалдығу жағдайлары Алматыда көп. Қалада 24 сағат ішінде 600-ге жуық адамнан алынған сынама оң нәтиже көрсеткен. Елордада 500-ден астам жайт тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысында науқастанған жандардың саны 2-еу. Қазіргі уақытта коронавирустан 10 мыңға жуық қазақстандық емделіп жатыр. Соның мыңға жуығы – стационарларда. Дәрігерлер 20 адамның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 3 науқас өте ауыр халде. 1 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылыпты.


Дана Ешкенова