МТРА жаңалықтары

Өтініш-арызға жауап беру сапасының рейтингі құрылады

 

Тұрғындардан өтініш-арыз келіп түсті ме, жауап беру керек. Сол жауаптың сапасы жіті бақыланады. Петропавлда өтініш-арызға жауап беру сапасының рейтингі құрылғалы жатыр.
Қалалық әкімдікте өткен жиында халық бұйымтайының қаралу тәртібі мен жұмыстың сапасы талқыланды. Ikomek орталығына екі апта ішінде 3 мыңнан астам өтініш-шағым келіп түскен. Дені тұрмыстық қалдықтарға қатысты. 40-қа жуық шағым ірі көлемді қоқыс жайында. Мәселе қалалық полиция басқармасының қарауына жолданыпты. Жол жағдайына да қатысты арыз-шағымдар аз емес. Қала әкімінің міндетін атқарушы Жанболат Батырбеков әкімдіктегі бөлімдердің жұмысын сынға алып, келесі аптада тұрғындардың өтініш-арыздарына жауап беру сапасының рейтингі енгізілетіндігін айтты.


Данаш Хамзина