МТРА жаңалықтары

Өңір тұрғындары «Wildberries»-тен ақшаларын қайтара алмай жүр

Тауар үшін төлемін жіберген, бірақ тауардың өзі келмеген. Петропавл тұрғыны Екатерина Понамарёва «Wildberries» интернет-дүкенінде тапсырыс жасап, құнын бірден төлеген. Бірақ, жіберген ақшасы тисті қосымшада көрінбепті. Кеткен ақша аз емес, 96 мың теңге. Абдырап қалған нәзікжанды бас ауруына айналған мәселемен интернет-дүкеннің қолдау қызметіне жүгініпті.

ЕКАТЕРИНА ПОНАМАРЁВА, қала тұрғыны
– Олар маған мәселе шешілді деді. Менің тапсырысымды жеке кабинетімнен өшіріп тастаған. Сонда мен түк те сатып алмағандай болып тұр. Қаржы бөлімінде ешбір жазба жоқ. Ақшамды қайтарып алу жөнінде хат жаздым. Олар кешірім сұрады. Бұл – шілденің 2-сінде болған жағдай. Бүгін 15-сі. Менің өтінішім әлі күнге дейін қаралып жатыр.

Қосымшада Екатеринаның тапсырыс жасап, оны төлегендігі туралы түк ақпар жоқ. Сауда барысын дәлелдейтін жалғыз дерек – банктен келген көшірме қағаз. Бұл – 96 мың теңгенің тиісті банктен өткенінің дәлелі. Мәселенің бас ауруына айналғанына бір жарым ай өтіпті. Нәзіжанды интернет-дүкеннің қолдау қызметіне ақшасын талап етіп күнде жазады екен. Әділдік пен көмек іздеп Екатерина облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне жүгінген.

ЕКАТЕРИНА ПОНАМАРЁВА, қала тұрғыны
– Мен арыз-шағымымды онлайн жазып жібердім. Тисті құжаттарды Telegram арқылы жолдадым. Қолдау білдіріп, мәселенің анық-қанығын анықтап жатыр.

Манағы айтылған көшірме қағаз аз көрінеді. Банктен ақшаның аударымы мен оның қозғалысы жайында ақпар қажет екен. Оны тұтунышының өзі сұратуы тиіс. Өйткені. Бұл банктік құпия болып саналады. Жалпы, бейінді департаментке «Wildberries» ақшамды қайтармай жатыр деп 11 солтүстікқазақстандық жүгінген.

ЛӘЗІМ МИЯШЕВА, СҚО тұтынушылар құқықғын қорғау департаментінің басшысы
– «Wildberries» интернет-дүкенінде болған техникалық ақаулар мен Ресейге қатысты енгізілген санкциялардың салдарынан осындай мәселе туындап отыр. Заң бойынша өтініш 15 жұмыс күнде қаралуы тиіс. Бұл жерде РФ-мен, яғни шетелдік тұлғалармен жұмыс істеп жатқандықтан аталған мерзім 2 айға дейін созылып кетуі мүмкін.

11 жоқ іздеушінің 8-і жиынтық көлемі 350 мың теңге болатын қаражатын қайтарып алған. Жалпы, осыған ұқсас мәселеге кез болсаңыз, облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне жүгінуге болады. Шұғыл желі мен Telegram-bot жұмыс істеп тұр. Тиісті мәлімет экранда көрсетілген. Жазбаша өтініштер Парк көшесі, 57В мекенжайы бойынша 309-шы кабинетте қабылданады.

 


Самал Жунусова