Денсаулық сақтау

Балаларды скринингтен өткізу

 

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында кішкентай ұл-қыздар жоспарлы скринингтен өтуде.

Кіші жастағы балалар міндетті түрде бірнеше скгринингтен өтулері тиіс. Нақтырық айтатын болсақ олар: психофизикалық бүлінулер скринингі, неонтальды, балалардағы естудің бұзылуы және патологиясын ерте анықтауға арналған аудиологиялық скрининг. Мұндай тексерудің басты мақсаты – балалар денсаулығында бар дерттерді ерте кезінде анықтап, асқынудың алдын алу.

Дені сау бала кабинетіне қызын тексеруге әкелгендердің арасында Ольга Березка да бар. Нәзікжанды осыдан 7 ай бұрын 2-ші рет ана атаныпты. Өмір есігін ашқан нәрестесінің Даун синдромына шалдыққандығы анықталды. Туғанынан сәби бір емес бірнеше скринингтен өтіпті. Бүгін кішкентай ғана Василисаның есту қабілеті тексерілді. Яғни, оған аудиологиялық скрининг жүргізіліпті.

 Ольга Березка, қала тұрғыны:
– Даун синдромына шалдыққан балалардың көбінде есту қабілеті нашар болады. Сондықтан, бүгін қызымды аудиологиялық скринингтен өткіздім. Мұндай тексеруден әрбір бала өтуі тиіс. Әрине, ауруды неғұрлым ерте анықтасақ, емді соғұрлым ерте бастаймыз. Өкінішке қарай, тексерістің нәтижелері көңіл көншітпейді. Енді елордада тағы бір скринингтен өтеміз.

Жалпы, жарты жылдың ішінде облыстық көпбейінді балалар ауруханасында солтүстікқазақстандық нәрестелердің 99%-ы аудиологиялық скринингтен өтіпті. Шамамен сонша балаға неонатальды тексеру жүргізілген. Сондай-ақ, бүлдіршіндер психофизикалық және офтальмологиялық скринингтерден де өткен.

АНАР САРБАСОВА, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директоры орынбасарының міндетін атқарушы:
– Облыстың емдеу мекемелерінде ай сайын 18 жасқа дейінгі балалар профилактикалық тексеруден өтеді. Ағымдағы жылы мұндай тескерістен өңір бойынша 123 мың 474 ұл-қыз өтуі тиіс. Жарты жылдың ішінде олардың 71 мыңнан астамы, яғни 58,1% тексерілді. Соңында 2 жарым мыңнан астам ұл-қыздың түрлі дертке шалдыққандығы анықталды.

Сондай-ақ, ауруханаларда балаларға профилактикалық екпе егу науқаны да қарқынды жүргізіліп жатыр. Мысалы, 6 айдың ішінде перинаталдық орталықта БЦЖ вакцинасы сәбидің 92,5%-ызына егіліпті. Ал Б гепатитіне қарсы екпе балалардың 90,5%-ызына қойылған.


Дана Ешкенова