8 жастағы қызды зорлаған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

МТРА жаңалықтары

19:05 14 Шілде 2022

 

Кеше Петропавлда елді елең еткізген оқиға орын алды! Кешкі 6-лар шамасында Ойқала ықшам ауданындағы полиция пунктінен алыс емес жерде 8 жастағы қыз зорланды. Тәртіп сақшылары шұғыл хабарды ала сала іздеу шарасына кіріскен. Соның нәтижесінде күдікті 9-ға таман қолға түсті. 2 айға қамауға алынған жігіт – 27 жастағы Айыртау ауданының тұрғыны. Қарақшылық шабуыл жасап, Қызылжар ауданына қарасты Ольшанка ауылындағы қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген қылмыскер өңірімізге Ақмола облысынан ауыстырылыпты. Сол себепті еңбекпен қамтылған екен. Келесі жылы толығымен бостандыққа шығуы тиіс сотталған өз кінәсін мойындапты. Енді қазіргі мерзіміне бірнеше жыл қосып алуы ықтимал. Тіпті, өмір бойына темір торға тоғытылуы мүмкін.

ЖАРҚЫН БЕЛГІБЕКОВ, СҚО прокуратурасының прокуроры
–  Бүгінгі таңда қалалық ПБ ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігімен тергеу басталды. Уәкілетті органдардың іс-әрекеттеріне облыс прокуратурасы арнайы баға береді. Осы қылмыстың тергелу барысы облыстық прокуратураның ерекше бақылауына алынды.


Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз

Қала тұрғыны экзотикалық құс өсірумен айналысады
Көкөністердің құрамы тексерілді
Облыстық “Ақбидай-2022” жазғы спартакиадасы бастау алды
Қызылжар ауданында 23 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
«Sensitive» би таетры финалға өтті
Өткен жылы 3 мыңнан астам мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырған
МТРК жаңалықтары 14.07.2022
Мемлекеттік қызметтегі сапа
Мамлют ауданында этноауыл құрылды
Есіл ауданының тұрғыны жеке кәсібін ашты
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тиімді болмады
СҚО-ғы ет өңдеушілердің жартысы банкротқа ұшырады