МТРА жаңалықтары

Жоғалып кеткен әйел табылды

 

Есінен айырылып, жоғалып кеткен әйел табылды. Мамлют ауданының тұрғыны Петропавлға кетіп, байланысқа шықпай қойған.
Шешесі қызының жоғалғандығы жөнінде полицейлерге хабарласады.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша есінен айырылған адамды іздеу қиын екен, өйткені, ондай жандардың іс-қимылын болжау көп жағдайда мүмкін емес. Дегенмен, іздеу жарияланған әйел сол күні табылды. Оның суретін волонтерлер әлеуметтік желіде таратыпты. Қала тұрғындарының бірі сол әйелге ұқсас жанды көшеде көріп қалып, дереу тәртіп сақшыларына хабарласқан. Жалпы, жыл басынан бері облыста іс-түссіз жоғалған 15 адамға іздеу жарияланып, 11-і табылды.


Самал Жунусова