МТРА жаңалықтары

СҚО-да мектеп жөндеу ісіне 2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады

Биыл облыста 27 білім нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Білім басқармасының мәліметі бойынша бұл мақсатқа 2 жарым млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалады.
Соның ішінде 20 нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 1,9 млрд теңгеге жөндеу көреді. 7 мектепке арналған 484,7 млн теңге облыстық бюджеттен бағытталыпты.  Баспасөз қызметі хабарлағандай барлық нысанға қатысты конкурстық шаралар аяқталған, келісім шарттар жасалып, мердігерлер іске кірісіп кеткен.


Данаш Хамзина