МТРА жаңалықтары

Интернет-алаяқтардың жаңа әдісі күшейіп барады

Интернет-алаяқтарға алдану жағдайлары артпаса, кемитін түрі көрінбейді. Қулардың айла-амалдары жайлы бәрін естіп-білдім дегенде алаяқтар жаңа бір әдіске көшеді. Ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, қазіргі уақытта өзін тәртіп сақшысы ретінде таныстыру жағдайлары жиілеп кеткен.
Елімізде жыл басынан бері интернет-алаяқтыққа қатысты 9,5 мыңнан астам факті тіркеліпті. Салдарынан 700-ге жуық адам алданып қалған. Қалталарынан сыпырылған қаражат 900 млн теңгеден асып жығылады. 120 млн теңге иелеріне қайтарылыпты. Қулардың қитұрқы әрекеттерінің арасында саудадағы тауар үшін алдын ала төлем сұрату мен хабарландыру арқылы қызмет ұсыну жайттары да жиі кездеседі.


Данаш Хамзина