Спорт

Наталья Богданова – халықаралық турнирдің жеңімпазы

YouTube Embed: No video/playlist ID has been supplied

[https://www.youtube.com/watch?v=3c1Q5P1pm34/youtube]

Петропавлдық былғары қолғап шебері Наталья Богданова кезекті алтын жүлдеге қол жеткізді. Бұл жолы ол бокстан әйелдер мен ерлер арасында өткен халықаралық «Елорда кубогы» турнирінде топ жарды.

Айта кету қажет, аталған жарыс биыл бас қалада тұңғыш рет ұйымдастырылды. Оған 10 елдің намысын қорғай келген шаршы алаң шебері қатысты. Арасында талай додада атой салған кубалық қабландар мен өзбекстандық үздіктер болды. Сайыста Солтүстік Қазақстаннан Наталья Богданова жалғыз өнер көрсетті. Дей тұрғанмен, 66 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған бұрымды барлық қарсыласын қоғадай жапырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Финалда жуан жұдырықты ару қытайлық қызды ұпай сандары бойынша жеңді. Боксшы тамыз айында кезекті оқу-жаттығу жиынына аттанбақ. Италияда спортшы қазан айында өтетін Азия чемпионатына дайындалады.

Байболат Култанов