МТРА жаңалықтары

Полиция бөліністерінің басшылары үш күндік семинарға қатысты

Өңірдің тәртіп сақшылары үш күндік семинар-тренингке қатысты.
Іс-шараны ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының өкілдері ұйымдастырды. Жиын еркін форматта диалог түрінде өтті. Семинар-тренинг барысында полиция бөліністерінің басшыларына жаңа форматта жұмыс істеу процесі мен тұрғындармен байланыс орнату дағдылары таныстырылды. Сондай-ақ, мамандар қазақстандық полиция жүйесіне енгізіліп жатқан жаңа стандарттар жайлы құлағдар етілді.

ЕРЖАН БИМОЛДАЕВ, ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары
– Бұл – «Мобильлдік академия» деген жоба. М.Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясымен әзірленіп, жоба ретінде ҚР ІІМ-іне ұсынылды. Толығымен қолдау алып, жоба іске асырылуда. Біз СҚО-ға келмей тұрып Түркістан облысында, Алматы облысында орта басшы құраммен тура осы форматта сабақ өткізіп келдік.


Алдияр Айтпаев