ТЖ

Жемқорлықтың алдын алу

Төтенше жағдайлар департаментінде жемқорлықтың алдын алу. Бүгін осындай тақырыпта облыс орталығында брифинг өтті. Жиын барысында мамандар мемлекеттік органдағы бармақ басты, көз қыстылықпен күрес аясында жасалып жатқан шаруаларды тілге тиек етті.

Нариман Ашамаев, СҚО ТЖД басқармасының бастығы:
– Қазіргі күні департамент тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер электронды форматқа ауыстырылды және Е-лицензиялау электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі. Бақылау функциялары берілген қызметкерлер үшін бейнетіркегіштер кезең-кезеңімен сатып алынады. Сондай-ақ, 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен азаматтық қорғау органдарында өзара әріптестік жөнінде меморандум жасалды.

Одан бөлек, мамандар үстіміздегі жылдың басында департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіпті. Соған сай арнайы талдамалық құжат дайындалған екен. Атқарылып жатқан жұмыс өз нәтижесін беруде дейді облыстық департаменттің жеке құрам инспекторы Аслан Ескендіров. Сөзінше, биыл қызметкерлер арасында пара алу фактісі тіркелмепті.

Аслан Есендіков, СҚО ТЖД басқармасының жеке құрам инспекторы:
– Былтырдан бастап төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген жоқ. Тек 2019 жылы екеу және 2020-да бір жағдай анықталды. Бармақ басты, көз қыстылыққа жол бермеу мақсатында қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізіп тұрамыз. Сондай-ақ, «Аманат» партиясы өкілдерінің қатысуымен семинарлар ұйымдастырылады.

Ал қызметкерлердің пара алып немесе сұрағанын байқаған жағдайда мамандар тұрғындарды экранда көрсетілген нөмірлерге хабарласуларын сұрайды. 8(7152)-52-27-21, 8-747-537-39-49.


Бердимурат Баймухан