Ономастика мәселесіне арналған алқа отырысы

МТРА жаңалықтары

18:25 27 Маусым 2022

Облыс орталығында “Қызылжар өңірінің тарихы” тақырыбында алқа отырысы өтті. Жиында ономастика мәселесі кеңінен қаузалды. Аталған бағытта соңғы 2 жыл ішінде өлкемізде ауқымды жұмыс атқарылыпты. 2020-дан бері теріскейде 400 көше атауы өзгертілген. Бұл оған дейінгі 28 жылдағы көрсеткіштен 100-ге көп екен. Дегенмен, мәселе әлі өткір тұр.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, CҚО әкімінің орынбасары
– Ауылдардың атауын, көшелерді өзгерту – оңай шаруа емес. Бірақ, біздің басты мақсатымыз – осы мәселені логикалық түбіне жеткізу. Облысымызда идеологиялық тұрғыда ескірген атаулар қалып отыр. Оларды бірте-бірте өзгертеміз. Оған жоспар бар.

Жоспарды баян етейік. Осы жазда Петропавлдың бір өзінде 40 көшенің атауын өзгерту көзделіп отыр екен. Бұл ретте, әрине, халықтың пікірі ескеріледі. Елді мекендер де назардан тыс қалмайды. Қазір өңірімізде арнайы құрылған жұмыс тобы жүр. Олар тұңғыш рет аудандарға шығып, идеологиялық тұрғыда ескірген атауларды жаңғырту бойынша кездесулер ұйымдастыруда.

ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы облыстық филиалының төрағасы:
– Біз 1 аптаның ішінде 23 елді мекенде кездесу өткіздік. Бұл – облыстың күретамыр жолдарының үстінде орналасқан ауылдар. Кезінде қазақ шоққа, көлге атау берген. Осы атауларды қайтадан жандандыру мақсатында кездестік.

Аудандарда өткен кездесулерде «Қазақ тілі» қоғамының жергілікті өкілдері сонау 1880-ші, 1914 жылғы карталарды ұсыныпты. Сол құжаттарда ауылдардың нақты атаулары жазылған екен.

ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы облыстық филиалының төрағасы:
– Мысалы, Чапаев ауылының – Ақбас, Рублевка ауылының – Ақсуат, Келлеровка ауылының Мезгіл екенін нақты карталардан көрдік. Ақсақалдармен сөйлестік. Сол жердегі халыққа түсіндіру жұмысын ұйымдастырдық.

“Ауылдың нақты атауы белгілі, енді өзгеріс орын алады” деген – орынсыз пікір. Кездесулерде жұмыс тобы тек тарихи фактілерді жіпкі тізді. Алдағы уақытта халық өзара келісе келе өзгерісті қолдаса, мәселе мәслихаттарда қаралмақ. Өңірдегі маңызды шаруаға Досмағамбет Көшім сынды елге танымал белсенділер де қатысуда. Азамат өлкемізде мынаны байқапты.

ДОСМАҒАМБЕТ КӨШІМ, “Ұлт тағдыры” қоғамдық бірлестігінің төрағасы
– Сіздердегі ерекшелік – ешқандай дәлелсіз қарсылық таныту. Мен халыққа мұның бәрі мемлекеттің саясаты екенін түсіндірудемін. Иә, дәлелдеуге тарысуға болады. Оған мүмкіндік бар. Заңда “тұрғындардың пікірі ескеріледі” деген сөз бар.

Демек, мүмкіндікті пайдаланып, ауылдың бүгінгі атауын дәлелдеуге болады. “Алайда, әлі қарсылықтан басқа әрекет көрмедім” дейді Досмағамбет Көшім мырза. Осындайда облыс орталығының атауына тоқталмасқа болмас.

ДОСМАҒАМБЕТ КӨШІМ, “Ұлт тағдыры” қоғамдық бірлестігінің төрағасы
– Архивтің басшысы Сәуле деген замандасымыздың айтуынша, Қызылжар атауы бұрын берілген. 1 жылдай Қызылжар атауы болған. Демек, мәселені қайтадан көтеруге болады. Әрине, міндетті түрде түсіндіру жұмыстары болуы керек.

Бұл жерде бірлік керек. “Ұлт тағдыры” қоғамдық бірлестігінің төрағасы тарихи атауларды қайтару жұмыстарына Ассамблея мен мәслихаттар аса қатысып жатқан жоқ дейді.


Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз

Отбасының цифрлық картасы 2023 жылы іске қосылады
“Мерейлі отбасы” байқауының жеңімпаздары анықталды
Қызылжар ауданында 23 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Солтүстікқазақстандықтар Сібір агротехникалық көрмесіне қатысты
Судағы қауіпсіздік – өткір тұрған мәселе
Асанов ауылдық округінде заңсыз қоқыс үйінділері табылды
«Sensitive» би таетры финалға өтті
8 жастағы қызды зорлаған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
Қала тұрғыны экзотикалық құс өсірумен айналысады
Мемлекеттік қызметтегі сапа
Тамыз айындағы демалыс саны
Өткен жылы 3 мыңнан астам мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырған