МТРА жаңалықтары

Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері елордаға экскурсиямен барып келді

Тарихи жерлерді аралап, көрнекі орындарды көрді. Кеше облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері Нұр-Сұлтан қаласына арнайы экскурсиямен барып қайтты. Сапардан оралған бір топ аға буын өкілдері бүгін елодада көрген-білгендерімен бөлісті.

ЛЮБОВЬ СОТНИКОВА, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі:
–  Елордаға барған сапарымнан көп әсер алдым. Нұр-Сұлтан қаласында көптен бері болмаған едім. Бас қаламызда сәулет өнерінің түр-түрін кездестірдім. Түрлі музейлерді аралап, жаңа тұрғызылған діни нысандарға кіріп шықтым. Сондай-ақ, «АЛЖИР» мемориалдық кешенінде болдым. Ол жерде Сталиндік режимнен зардап шеккен жандардың есімдерімен танысып, тарих толқынына сапар жасадым.

Іс-сапардағы басты мақсатымыз осы «АЛЖИР» мемориалдық кешеніне кіріп өткен тарихты еске алу болды дейді облыстық ардагерлер кеңесі тұрақты комиссиясының төрайымы Сәуле Тахметова.

САУЛЕ ТАХМЕТОВА, облыстық ардагерлер кеңесі тұрақты комиссиясының төрайымы:
– «АЛЖИР» – отанын сатқандардың Ақмола лагері дегенді білдіреді. Кезінде Кеңес үкіметінің солақай саясаты аналарымызды осылай жазықсыз айыптап түрлі лагерьлерге апарып тықты. 37 мен 53-ші жылдар аралығында сондай жерлерде 18 мың қыз-келіншек ұсталды. Олар әртүрлі ұлттың өкілдері болған. Экскурсия барысында айыпталған әйелдердің қандай қиын жағдайда өмір сүргендерін көрдік.

Қабаған ит, түрі сұсты күзетші мен тікенек сым. Тәуелсіздік жолында қаза болған аналарымыз ыстыққа да суыққа да шыдады, адам төзгісіз соққыға да төзді. Қолдарынан келгенше жауыздардың бұйрығына бағынбай елінің намысы үшін күресті. Ата-бабаларымыздың бұл ерлігін өскелең ұрпақ ешқашан ұмытпағаны жөн дейді Сәуле Ахметова.


Бердимурат Баймухан