МТРА жаңалықтары

Сауықтыру лагеріне қойылатын талаптар

САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:
– Жазда балалар тынығатын сауықтыру лагері тек қызықты ғана емес, сонымен қатар, қауіпсіз болуы қажет. Бірінші кезекте санитарлық тұрғыда барлығы таза болуы керек. Қазіргі уақытта облыс аумағында 15 сауықтыру лагері бар. Биыл жетеуі ғана бала қабылдайды.

Ашық тұрған жетеу М.Жұмабаев ауданында, Есілде, Айыртауда орналасқан. Тағы қос лагерь – қаланың тұсындағы «Ақ қайың» мен «Достық». Мамандардың айтуынша, бұл қатарға 7-шісі болып бүгін таңертең Ғ.Мүсірепов ауданындағы “Қарлығаш” қосылды. Алайда, соңғысында асхана мәселесі әлі реттелген жоқ. 15 лагерьдің сегізі неге жабық? Өйткені, санитарлық талапқа сай келмейді. Аққайың ауданындағы «Оқжетпес» биыл ашылуы мүмкін дейді мамандар. Бірақ, мұнда дайындық жұмыстары баяу жүріп жатқанға ұқсайды. Жазы қысқа теріскей өңірінде жаздың алғашқы айы маусымның аяқталуға шақ қалғанын еске сала кетейік. Қызылжар ауданында «Серебряный бор» лагерінде кәдімгі ішетін су жоқ. Өңірде қатарынан бірнеше жыл бойы есігі мүлдем ашылмаған лагерьлер бар.
Сонда өзгесіне сыймаған балалар қайда барып демалады?

ГҮЛНӘР СЕЙІТОВА, СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
– Жамбыл ауданындағы «Лесная поляна», Мамлют ауданындағы «Искра» мен Қызылжар ауданындағы «Алтын күз» лагерьлерінің иесі анықталмағандықтан бұл нысандар биыл жұмыс істемейді. Ал Ғ.Мүсірепов ауданындағы «Солнышко» лагеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Онда да суға қатысты мәселе өзекті.

Санитарлық талапқа сәйкес лагерьде орталықтандырылған су құбыры мен ыстық су болуы қажет.

Самал Жунусова