23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні

МТРА жаңалықтары

22:23 22 Маусым 2022

Маусымның 23-інде мемлекеттік қызметшілер кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осы ретте арна тілшілері өз саласының жілігін шағып, майын ішкен жандармен тілдесіп қайтты.

Алма Нұрғалиева мемлекеттік қызметте еңбек жолын тура 20 жыл бұрын бастапты. Осы аралықта азаматша бірнеше мекемеде бас маман, жетекші маман
болып жұмыс істеген. Ал 2017 жылдан бері нәзікжанды Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етуде. Алма Амангелдіқызының басты міндеті – тұрғындардан келіп түскен өтініш-арыздарды тіркеп, қарастыру. Яғни, халықты билікпен байланыстырып, мәселелерді шешу.

Алма Нұрғалиева, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:
– Мемлекеттік қызметші болу – ол аянбай еңбек етіп, халық мүддесін қорғау, елдің дамуына септесу. Өмірімнің тең жартысын мен осы салаға арнадым. Еш өкінбеймін. Әрине, әйел адам болғаннан кейін жұмысты да, үй шаруасын да қатар алып жүруге тырысамын. Шыны керек, кейде отбасыңа уақыт жетпей жатады. Бірақ, жолдасым, балаларым менің жұмысымның қиындығы мен жауапкершілігін жақсы түсінеді. Бастысы, барлығына да төзе білу қажет.

Бүгінде мемлекеттік қызметте білікті мамандармен қатар жастар да аянбай еңбек етуде. Солардың бірі – Еркеш Ерденова. Нәзікжанды бұл салаға 3 жыл бұрын ғана келіпті. Еркеш Жұмашқызы тілдерді дамыту бөлімінде бас маман болып қызмет етеді. Жас маманның сөзінше, мемлекеттік қызмет біліммен қатар зор жауапкершілік пен адалдықты талап етеді.

Еркеш Ерденова, Қызылжар ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы
– Тілдер бойынша іс-шаралар өткіземіз. Біздің ауданда қазақ тілін үйрету бойынша 29 топ үйірмесі жұмыс істейді. Мемлекететтік қызметке келгеніме еш өкінбеймін. Біздің бөлім өте ұйымшыл. Болашақта жоғары мемлекеттік қызметтің оқу орнына түсіп, өзімді дамытқым келеді.

Жалпы, өңірде 500-ге жуық мемлекеттік орган бар. Онда 5 мыңға жуық маман жұмыс істейді. Соның 160-қа жуығы Қызылжар ауданында еңбек етеді.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

Сарбаздар ант қабылдады
«Тағдырымның тамшылары» кітабының салтанатты таныстырылымы өтті
Полицейлер такси жүргізушілерін тексеріп жатыр
Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері елордаға экскурсиямен барып келді
Өңірде егістік науқаны аяқталуға жақын
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған отырыс
Аялдама әйнегін сындырған ер адам ұсталды
Коронавирус әлі жойылмады
Қауіпсіздік ережелері еске салынды
«Таза қала» акциясы
Петропавл көшелерін ақ мамық басты
Меңкесерде демалыңыз!