ҚР ҰҰ Әскери академиясын 200-ге жуық түлек тәмамдады

МТРА жаңалықтары

23:34 20 Маусым 2022

Ұлттық ұланның Әскери академиясынан 22-ші түлектер толқыны түлеп ұшты. Биыл білім ордасын 200-ге жуық сарбаз тәмамдап, офицер атағына ие болды. Енді олар әскери және азаматтық борышын өтеу үшін еліміздің түкпір-түкпіріне жіберіледі.

Салтанатты шара барысында Қайрат Байдыбеков те өзінің көптен күткен дипломын алды. Әскери адам болып, елге қызмет етуді бала кезінен армандапты. Түркістан облысының тумасы жергілікті академияда жан-жағынан шыңдалып, кез келген қиындыққа төтеп беруді үйрендім дейді.

ҚАЙРАТ БАЙДЫБЕКОВ, түлек
– Болашақта осы қазір бізге қонаққа келген генералдар қатарына кіріп, үлкен офицер болғым келеді.  Мен Шымкент қаласындағы әскери бөлімде өз қызметімді атқарамын. Мектеп оқушыларына осы әскери академияны бітіруге шақырамын.

Абзал Хамитханов – Шығыс Қазақстан облысыны тумасы. Ол да лейтенант атағына ие болып отыр. Болашақта өз өңірімде қызмет атқарамын дейді.

АБЗАЛ ХАМИТХАНОВ, түлек
– Әр ер адамға Отанды қорғау борыш қой, сол себепті, осы мамандықты таңдадым. 0052 Ұлттық ұлан академиясында оқу барысында отансүйгіштік, борыштық секілді қасиеттерге тәрбиелейді. Балаларды нағыз ер адам қылады.

Диплом табыстау рәсімі аяқталған соң облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов жас офицерлерді оқу бітірулерімен құттықтады.

 Марат Тасмағанбетов – СҚО әкімінің бірінші орынбасары
– 25 жылда білім ордасы 4 мыңнан астам офицерді дайындап шығарды. Олардың көбі әскери орындарды басқарып, басшылық қызметтерде жүр. Сіздер де әскери қызметті абыроймен атқарыңыздар.

Сонымен қатар, шара барысында әскери оркестрдің қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылды. Көрермен назарына қару-жарақпен саптық жаттығулар көрсетілді, ал түлектер дәстүр бойынша вальс биледі.

Жалпы, Әскери академияны тәмамдаған 191 түлектің 11-і Тәжікстан мен Қызғызстаннан келген. Олар қызметтерін өз елдерінде жалғастырады.

Самал Жунусова

Бұдан әрі оқыңыз

Бірлік бар жерде тірлік бар
МТРК жаңалықтары 21.06.2022
Мотивациялық кездесу
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Аққайың ауданында болды
Петропавлда бір күнде екі бірдей жол-көлік оқиғасы тіркелді
Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жаңа топтамамен толықты
МТРК жаңалықтары 13.06.2022
«Таза қала» акциясы
Қаңғырған мал айып тұрағына қамалды
Аққайың ауданының әкімі есеп берді
СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтті
МТРК жаңалықтары 10.06.2022