Спорт

3 ұпай қоржынға түсті

Аса маңызды 3 ұпай қоржынға түсті! Кеше петропавлдық “Qyzyljar” футбол клубы қарағандылық “Shakhter”-ді тізе бүктірді. Сырт алаңда өткен тартысты матч 1 де 2 есебімен аяқталды. Жерлестеріміз сапынан Дарко Зорич пен Евгений Козлов көзге түсті. Бұл жеңістен кейін теріскейліктер турнирлік кестеде 10-шы орынға көтерілді. Солтүстікқазақстандық ұжым ел чемпионатының кезекті турында былтырғы чемпион – қостанайлық “Тobol”-мен күш сынасады. Ойын маусымның 26-ы күні қаламыздағы “Қарасай” стадионында өтеді.

Байболат Култанов