21 маусым – Халықаралық әкелер күні

МТРА жаңалықтары

23:30 20 Маусым 2022

21 маусым – Халықаралық әкелер күні. Аталған дата қарсаңында кеше облыс орталығында ерекше іс-шара өткізілді. Нақтырақ айтсақ, Петропавлдағы «Қызылжар» арт-орталығында мамандар әкенің балаға беретін тәрбиесі жайлы әңгіме өрбітті. Таза ауада, ашық аспан астында өткен жиынға ата-аналар өз ұл-қыздарымен келген. Отансүйгіштік, білімге деген құштарлық пен адамдарға жанашырлық таныту. Бескөл ауылының тұрғыны Фархат Ғарыпов есімді азамат өз балаларымның бойына осы қасиеттерді сіңіруге тыырсамын дейді.

Фархат Ғарыпов, Бескөл ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:
–  Менің 3 ұл, 1 қызым бар. Олардың тәрбесімен келіншегім айналысады. Мен оларды еңбекке баулып үйретемін.

«Жақсы әке балаға қырық жыл азық», «әке көрген оқ жонар». Халқымыздың мақал-мәтелдерінде, нақыл сөздерінде отағасының ұл тәрбиелеудегі рөлі және оның қаншалықты маңызды екені көп айтылған. Сондай-ақ, оған ерекше көңіл бөлінеді. Сол себепті, бүгінгі жиында ұстаздар мен білікті мамандар келген қонақтарға дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жанат Мұхамеджанов, « СҚО Азаматтық Альянс қауымдастығы» ҚБ төрағасы:
– Балалардың білімі мен тәрбие процесіне әкелер де араласқан жөн. Осы орайда әкелердің балаларды тәрбиелеуіне назар аудартқымыз келеді.

Айта кететін жайт, алдағы уақытта әр мектептің жанынан әкелер кеңесі құрылуы мүмкін. Мамандардың сөзінше бұл әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін күшейтуге септеседі.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда Мағжан туралы телесериалдың түсірілімі бастау алды
Баспана – бас қайғы
Теріскейлік фермер республикалық көрмеде топ жарды
Телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады
Сарбаздар ант қабылдады
Ауылшаруашылық жобаларды қаржыландыру
Өңірде егістік науқаны аяқталуға жақын
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Аққайың ауданында болды
Қос тарап келісімге келді
«Бизнес-леди Қазақстан» байқауы өтті
Референдумға солтүстікқазақстандықтар белсенді қатысып жатыр
Аққайың ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды