Солтүстік Қазақстан облысының рухани мұралары

МТРА жаңалықтары

18:04 17 Маусым 2022

“Солтүстік Қазақстан облысының рухани мұралары”. Дәл осындай атаумен бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жергілікті өкілдері республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Жиын барысында ислам дінінің қашан және қалай пайда болғаны туралы айтылды. Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты. Ол Петропавлда алғаш салынған мешіт жайлы тың мәліметтермен бөлісті. Тарих беттерін парақтап қарайтын болсақ, шаһарда ең алғашқы ғибадат нысаны XVIII ғасырдың 70-ші жылдары салыныпты. Бастапқы кезеңде құлшылық ету орнына көбіне қалаға жәрмеңкеге келген мұсылмандар ғана келіп жүріпті. Ал 1795 жылы Петропавлда тастан жаңа “Қасым мешіті” тұрғызылады.

Ғани Нығыметов, СҚО әкімінің орынбасары:
– Бұдан 100 жыл бұрын қаламызда 9 мешіт болғаны белгілі, солардың бірі – 1857 жылы салынған мұсылман мешіті. Қазіргі таңда осы тарихи нысанды қалпына келтіру мақсатында орасан жұмыс атқарылып жатыр. Алдағы уақытта тарихи ескерткішті ислам мәдениетінің орталығына айналдыру жоспары бар. Тарихи нысан – республикамыздағы ислам мәдениетінің алғашқы орталығы, сондай-ақ, Ислам мәдениетінің музейіне айналмақ.

Өңірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығы негізінде де көптеген игі істер атқарылуда. Өткен ғасырда дін өкілдері де солақай саясаттың құрбаны болды. Анықталғандай, аққайыңдар өлкесінде 93 дін қызметкері қудалауға ұшырапты. Соның 28-і ату жазасына кесілген. Бүгінде бұл жандарды ақтау жұмысы жүргізілуде.

Ғани Нығыметов, СҚО әкімінің орынбасары:
– Солардың бірі – белгілі Алаш қайраткері, ақын Мағжан Жұмабайдың ұстазы, №3 мешіттің имамы Мұхамеджан Бегішов. Ол Стамбұл университетін бітірген. Шәкірттеріне парсы, араб тілдерін үйретіп, ғылым негіздерімен таныстырған. 1937 жылы ату жазасына кесілген, 1989 жылы ақталған.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 1918 жылы Қызылжар төрінде Алаш Орда басшыларының ұйымдастыруымен құрылтай болғаны да анықталыпты. Оған жан-жақтан дүйім жұрт қатысқаны мәлім. Алдағы уақытта бұл тарихи орын “Қазақстанның жалпыұлттық киелі жерлері” тізіміне енгізілмек.

Думан Сайфуллин, ҚМДБ уағыз және насихат бөлімінің маманы:
– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сьезінде мемлекетіміздің даму жолдары жайлы біраз дүние айтылды.

Атқарылып жатқан игі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Өз кезегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жергілікті өкілдері осындай ғылыми-тәжірибелік конференцияны дәстүрге айналдырмақ.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

Айыртау ауданының даму барысы
МТРК жаңалықтары 14.06.2022
Алқаптарды химиялық өңдеу
Полиция қызметкерлері марапатталды
Сала ардагерлері естеліктерімен бөлісті
Ауылшаруашылық жобаларды қаржыландыру
Қыстың қамын жаз ойла
Облыс әкімі кино актерлерімен кездесті
Петропавлда бір күнде екі бірдей жол-көлік оқиғасы тіркелді
Петропавлда “Агро Қызылжар”көрмесі өтті
МТРК жаңалықтары 10.06.2022
СҚО-да 150-ден астам бала қант диабетіне шалдыққан