Қылмыс

СҚО-да 50-ден астам заңсыз сақталған қару тәркіленіп алынды

Есіл ауданының тұрғыны 16 калибрлі аңшы мылтығын заңсыз сақтап келген. 44 жастағы ер адамды полиция қызметкерлері Черуновка селосында түн ортасында тоқтатқан.
Көлікте жатқан екі бірдей аңшы мылтығының біреуінің құжаты жоқ болып шығады. Қаруды заңсыз сақтап, қолданған ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 484-ші бабының 1-ші тармағы бойынша хаттама толтырылды. 10 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Тәркіленіп алынған мылтық сараптамға жіберілді.
Облыста жыл басынан бері 50-ден астам заңсыз қару тәркіленіп алынған. Азаматтық қаруды сақтау мен қайта тіркеуде ереже бұзған 400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Арнайы ұйымдастырылған акция барысында тұрғындар өз еркімен 23 қару өткізген.

Данаш Хамзина