Денсаулық сақтау

Медицина қызметкерлері марапатталды

2 жылға созылған пандемиямен күресте ақ халатты мамандар алдыңғы шепте болды. Олардың еңбегі өлшеусіз. 2 күннен кейін медицина қызметкерлері төл мерекелерін атап өтеді. Мейрам қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Тимур Сұлтанғазиев маңдайалды мамандарды марапаттады.

Людмила Сейфулина Петропавлдағы Сәбилер үйінде медбике болып еңбек етеді. Ақ халатты медицина саласында 25 жыл бойы тер төгіп келеді.
Жұмыста тек дәрігер ғана болып қоймай, күнделікті аналық мейіріміңді көрсетіп отыру қажет дейді. Маманның еңбегі еленді. Бүгін ол облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.


ЛЮДМИЛА СЕЙФУЛИНА, Сәбилер үйінің медбикесі:
– Сәбилер үйінде жаңа туған нәрестеден бастап 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндер тәрбиеленеді. Әр балаға ерекше күтім қажет. Өмірімді медицинаға арнағаныма өкінген емеспін. Неге бұл мамандықты таңдадым деп те ойланбаппын. Жүрегімнің қалауы болуы керек. Барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүрегіммен құттықтаймын.

М.Жұмабаев ауданының ақ халаттысы Алма Мақашова бүгін Алғыс хатпен марапатталды. Нәзікжанды медицина саласына өмірінің 42 жылын арнапты.

АЛМА МАҚАШОВА, Чистов дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері, М.Жұмабаев ауданы:
– 1980 жылы интернатурадан кейін Булаев ауданына барып жұмыс істедім. Кейін сол жылдың 1-ші тамызынан 83-ші жылға дейін Детская консультацияда істедім. 84-ші жылдан бастап Чистов дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері болып қызмет атқарамын. Өмірде барлығын кешу керек. Жаңбыр болсын, ыстық болсын қараған жоқпыз. Жұмыс істедік.

Жалпы, салтанатты шарада 50-ден астам медицина маманы марапатталды.

Самал Жунусова