Спорт

“Qyzyljar”-дың қарсыласы белігі болды

Жанкүйерлердің құлағына алтын сырға. Петропавлдық “Qyzyljar” футбол клубы Конференция Лигасындағы алғашқы қарсыласын анықтады. Кіл мықтылардың сайысында жергілікті ұжым хорватиялық “Осиек” командасымен күш сынаспақ. Бұл құрама былтыр өздерінің ішкі чемпионаттарында күміс жүлде еншілепті. Бірінші матч шілденің 21-і күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Ал қарымта ойын араға 1 апта салып сырт алаңда ұйымдастырылады.

Байболат Култанов