МТРА жаңалықтары

Тұрғындар бірнеше көшенің жабылғанына наразы

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
–  Тақырыптан алыстамаймыз. Қазір Петропавлда жалғыз Бөкетов қана емес, бірнеше көше жөнделіп жатыр. Осының салдарынан күн сайын көлік кептелісі орын алуда. Бұған тұрғындар, әсіресе, жүргізушілер наразы. Олардың айтуынша, бүгінде облыс орталығында бір жерден екінші жерге жету оңай шаруа емес.

МАКСИМ ПОЛСЫЧЕВ, көлік жүргізушісі:
– Можно было бы частями перекрывать, но они перекрыли весь город.

Максим Полсычев – көлік жүргізушісі. Кешкілік негізгі жұмысынан босағасын, демалыс күндері жолаушы тасымалдайды. Соңғы уақытта қосымша нәпақа табу қиындап кетіпті. Бұған себеп – көшедегі кептеліс.

МАКСИМ ПОЛСЫЧЕВ, көлік жүргізушісі:
– Бұрын “Тайга”-ның маңында ғана көлік көп болатын. Қазір барлық жерде кептеліс. Белгілі бір жерге жылдам жетіп, адам алу күрделене түсті. Жүргізушілердің барлығы ызаға булыққан. Бәрі көлікпен жүру күрделене түскенін айтуда.

Максим жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқанын да алға тартады. Сөзінше, қазір жабылған кейбір көшелерде күрек ұстаған жұмысшы, гүрілдеген техника мүлде көрінбейді. Тұрғындарды толғандырған бұл мәселеден жергілікті билік хабардар. Қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин тұрғындардан түсіністік танытуды сұрайды.

АСҚАР ХАБИБУЛИН, қала әкімінің орынбасары:
–  Қыстыгүні жолдарда жұмыс істей алмаймыз. Жазда істей аламыз. Қаржы бөлінген соң жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл жүргізбесек, ендігі жылы қаржы бөліне ме, бөлінбей ме белгісіз. Жаз қысқа. Осы жазда барлығын бітіру керек.

Сұхбат барысында атқамінерден жақын арада тапсырылатын көшені сұрады. Оның айтуынша, Парк көшесі алдағы 1-2 аптада ашылады.

Байболат Култанов