НЗМ түлектеріне аттестат табысталды

Білім

18:51 15 Маусым 2022

Соңғырла, соңғы қоңырау! Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері алтын ұя мектебімен қоштасты. Үлкен өмірге аяқ басқан жастарға кеше құжаттары табыс етілді. Айсана Ербол білім ордасын ерекше үлгідегі аттестатпен аяқтап отыр. Болашақ биотехнолог Алматы қаласында оқығысы келеді.

АЙСАНА ЕРБОЛ, түлек :
– Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы университетке түспекшімін. Биотехнология деген махаббатым 11-ші сыныпта оянды. Мұғалімдеріме алғыс айтамын. Себебі, 11-сыныпқа дейін менде осы пәндермен қиындықтар болатын. Жалпы, оқу кезінде мен олимпиадалар және зерттеу жұмыстарымен айналыстым. 0053 10-сыныпта география мен биологияға байланысты зерттеу жұмыстарын жаздым. Ол жұмыс алматылық әл-Фараби университетінде қорғалды.

Назарбаев Зияткерлік мектебін тәмамдап отырған ұл-қыздар талапты әрі дарынды. Әрқайсысы өзін түрлі ғылыми бағытта жақсы қырынан көрсете білген. Тахмина Ғабдулина келешекте құрылыс саласында қызмет еткісі келеді. Білімді шетелде алуды жоспарлап отыр. Осы орайда Гонконг пен Венгрия университеттерінен жауап күтуде.

ТАХМИНА ҒАБДУЛИНА, түлек:
– Қорытынды емтиханнан ең жоғары нәтижеге қол жеткіздім. 140 балл алдым. Сәулет және құрылыс мамандығына түскім келеді. Мамандығымның ерекшелігі – ол аэропорт, аурухана, көпір секілді маңызды нысандар салумен айналысады. Әрине, таңдау жасау қиын. Себебі, таңдауыма байланысты болашағым айқындала түседі.

КҮЛӘЙ ҒАБДУЛИНА, Тахминаның анасы:
– Тахмина кішкентайынан ынталы оқушы болды. Мен өзім істеймін деп тұратын әрі өзінің жұмысы, өзінің еңбегі. Одан ұстаздарға алғысым шексіз. 0030 Мен ризамын, қуаныштымын. Қызым бітіріп, менің де еңбегімді ақтағанына.

Жалпы, білім ордасын 120 түлек тәмамдап отыр. Олардың 17-і ерекше үлгідегі аттестат алды.

ДАНИЯР УӘЛИЕВ, Химия-биология бағытындағы НЗМ директоры:
– Жалпы, түлектеріміздің арасында көптеген оқушыларымыз шетелдік жоғары оқу орындарына түскен болатын. Солардың бірі – Тамерлан деген оқушымыз. Ол Абу-Дабидегі университетке түскен болатын. Сонымен қатар, тағы да оқушыларымыз жан-жаққа – Венгрияға, Еуропаға, Шығыс елдерінде грант иегері атанып отыр. Бірақ, соңғы нәтиже тамыз айында шығады. Сол кезде біз жалпы Қазақстан бойынша және шет елдерге түскен грант иегерлерін білетін боламыз.

Айта кету қажет, НЗМ-ға келесі оқу жылына 7-ші сыныпқа 120-ға жуық оқушы қабылданды.

Самал Жунусова

Бұдан әрі оқыңыз

“Туған елге тағзым” шарасы
«Мағжан оқулары» республикалық байқауы өтті
Облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті
Жазғы мектептердің жұмысы
“Білім берудің үздік менеджері” байқауының облыстық кезеңі өтті
“Өрлеу” орталығының мамандары вебинар өткізді
Жазғы лагерьлердегі дайындық
СҚО-да 2,5 мың түлек ҰБТ тапсырады