МТРА жаңалықтары

ЕС-164/3 түзету мекемесінде ашық есік күні өтті

ЕС-164/3 түзету мекемесінде ашық есік күні өтті. Сотталғандарға жақындарымен кездесуге мүмкіндік берілді. Шара Балалар жылына орайластырылған. Мекеме алаңында өткен жүздесуде жазасын өтеп жатқандар да, олармен қауышуға келген туысқандары да қуаныштарын жасырмады. Сергей Орлов жасаған қылмысы үшін 3 жылған бас бостандығынан айырылған. Жазасының тең жартысын өтепті. Қостанай облысының тумасы бүгін 1 жыл көрмеген балаларын құшағына басты.

СЕРГЕЙ ОРЛОВ, жазасын өтеуші:
– Балаларымды қатты сағынып қалдым. Өсіп қалыпты. Бүгін жиенімді алғаш көріп отырмын. Осындай шаралар жақындарымызбен етене араласуға мүмкіндік береді.

Әкесін сағынып қалған қыздар 1 жылда жиналып қалған жаңалықтарын жарыса айтып жатыр.

блиц:
“Әкемізді қатты сағындық. Кездесу алдында қатты уайымдадым. Бүгін жиенін де алғаш көрді. Мен үшін бұл кездесу өте әсерлі болды”.
“Мен бүгін әкеме оқудағы жетістіктерім жайлы айттым. Сағынып қалыппын.

Мекемедегі соңғы осындай кездесу 3 ай бұрын, яғни 8 Наурыз қарсаңында өтті. Онда сотталғандардың ата-аналары жиналған еді. Енді осы кездесу балаларға арналып отыр. Кездесуге барлығы – 22 отбасы келді, шамамен 50 адам.

РҮСТЕМ РАХМЕТОВ, ЕС-164/3 мекемесі бастығының орынбасары:
– Жалпы, бүгінгі іс-шара 3 сағатқа ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта біздің мекемеде 800-ге жуық сотталған бар. Жылдың соңында дейін тағы осындай шара ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Жалпы, облыс аумағындағы түзету мекемелерінде 1600-ден астам адам жасаған қылмысы үшін жазасын өтеп жатыр.

Самал Жунусова