14 маусым – Дүниежүзілік қан донорлары күні

МТРА жаңалықтары

23:04 14 Маусым 2022

Тәжірибе көрсеткендей түрлі жағдайға тап болған әр үшінші қазақстандыққа қан құю қажеттігі туындайды. Бүгінде бүкіл ел бойынша 2 мыңнан астам донор бар екен. Олардан алынған қан жыл сайын 80 мың адамның қажеттілігін жабады.

БАТЫРХАН САРЫМСАҚОВ, ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының басшысы
– Мемлекеттің қолдауымен 2008 жылдан бастап елімізде жаңа заманауи 10 қан орталығы құрылды. Яғни, бұл орталықтарға вирустың инактивациясы мен карантиндік технологиялар енгізілген. ТМД елдері арасында Қазақстан бірінші болып екі реттік скринингті енгізді. Бұл өз кезегінде қанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, инфекциялық ауруларды анықтауға көмектеседі.

Қазақстанда қан құюмен айналысатын 470 ұйым бар. Онда мың жарым ақхалатты еңбек етеді. Мамандар жылына 200 мың литрге жуық қанды өңдеп, қан қажет науқасқа құяды. Қанға деген сұраныс, әсіресе, акушерлік, хирургия мен травматология бөлімшелерінде көп. Айта кету қажет, қан орталықтарында қанды өңдеу арқылы стратегиялық ресурстың 90 түрі дайындалады.

ДУЛАТ ИМАШПАЕВ, ҚР ДСМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының басқарма төрағасының бірінші орынбасары
– Донор болуда дін өкілдері, құқық қорғау органдары, әскери азаматтар, медициналық қызметкерлер мен студенттер белсенділік танытуда. Донор тарту мен донорлықты дамыту мақсатында әлеуметтік желілер мен сайттарда түрлі жарнамалар жариялануда. Арнайы платформа да құрылды. Онда донорларды ынталандыру жұмыстары жүргізіледі. Бүгіннің өзінде бұл платформаға әлемнің түкпір-түкпірінен 100 млн адам жазылған.

Статистикаға сүйенсек, донорлардың 68%-ы – ер адамдар, ал 32% – қыз-келіншектер. Сондай-ақ, қан тапсыратын жандардың орташа жас шамасы 32-50 жасты құрайды.

Алдияр Айтпаев

 

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да сотталғандарға ұялы телефон таратпақ болған ер адам ұсталды
Жамбыл ауданы әкімінің есебі
МТРК жаңалықтары 02.06.2022
Облыстық эссе байқауының жүлдегерлері марапатталды
Ата заңға енетін өзгерістерді қазақстандықтардың 76% қолдады
Қауіпсіздік ережелері еске салынды
СҚО-да 36 тонна дизель отыны құйылған ауыр жүк көлігі аударылып қалды
Телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады
Дүкен сөрелеріндегі ойыншықтардың дені тиісті талапқа сай келмейді
Өңірде референдум барысында заң бұзушылық тіркелген жоқ
Аялдама әйнегін сындырған ер адам ұсталды
ҚР ҰҰ Әскери академиясын 200-ге жуық түлек тәмамдады