Спорт

Жергілікті алаңдағы жеңіс

Жергілікті алаңдағы жеңіс! Петропавлдық “Qyzyljar” футбол клубы көкшетаулық “Оkzhetpes”-ке қарсы өткен жолдастық ойында жеңіске жетті. Матч 3 те 0 есебімен аяқталды. Бұл кездесуде Тимур Мульдинов, Юрий Бушман және Евгений Козлов көзге түсті. Солтүстікқазақстандық ұжым ел чемпионатының кезекті турында “Shakhter”-мен күш сынасады. Ойын маусымның 19-шы жұлдызында Қарағанды қаласында өтеді. Ал 26-ы күні “Қарасай” стадионында қостанайлық “Тobol”-ды қабылдайды.

Байболат Култанов